Екібастұз қалалық соты жер телімдерін заңсыз үлестірді деген факт бойынша жер қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Ол 35-тен аса азаматқа (көбі Моңғолиядан келген қазақтар) жер телімдерін заңсыз сатып, оларға 6 млн теңгеден астам шығын келтірген. Сотталушы сотқа дейінгі тергеу кезінде өз кінәсін мойындау туралы келісімге келді. Сот Б. есімді азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің (1997 жылғы редакцияда) 314-бабы 1-бөлігі, 177-бабы 3-бөлігі «г» тармағы бойынша кінәлі деп тауып, ҚК 63-бабын қолдана отырып, 3,5 жылға шартты түрде соттады.
Сот үкімі заңды күшіне енді.