Екібастұзда туберкулезге шалдығу көрсеткіші төмендеді

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.   Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат  /Вера Ливинцова/ -    Павлодар облысының   Екібастұз  өңірінде   ағымдағы жылдың  9 айының  қорытындысы  бойынша  туберкулезбен  ауыру  көрсеткіші 26,1   пайызға   төмендеді.  

 Қала әкімі Нұрлан Нәбиев Екібастұз   әкімдігінде  өткізген    мәжілісте  осындай мәліметтер   айтылды.

 Инфекцияның  таралу көрсеткішінің  төмендеуі - дәрігерлердің   аудан  тұрғындарының арасында  жүргізген белсенді профилактикалық жұмыстарының   нәтижесі.    Өткен  9 айда   аудан тұрғындарына   47 725    профилактикалық флюрографиялық     зерттеу     жүргізілді,  нәтижесінде   туберкулезбен  ауырудың ерте кезеңіндегі  сырқаттар анықталып,    оларға  шұғыл  ем-дом жасалды.

 11,8 мың  бала тексерілді, тәуекел тобындағы 293 бала  сауықтырылды,    тағы 245    бала    туберкулезге  қарсы    шипажайлар  мен  бақшаларда емделіп жатыр.  Қалада   185 орындық  санаторлық балабақша  жұмыс істейтін.  Тубинфекциялы бүлдіршіндерге   арнап  20  орындық қосымша   топ ашылғалы  отыр.

 Атқарушы   өкімет     туберкулезге шалдыққандарға     үлкен әлеуметтік  қолдау көрсетуде.    432   сырқатқа  2,1 миллион теңгенің материалдық көмегі көрсетілді,  амбулаториялық  емдеудегі     аймақ тұрғындарына ай сайын   қосымша  нәрлі тамаққа    қаржы  беріледі.   Туберкулездің  белсенді формасымен  ауыратын  науқастарға   атаулы әлеуметтік    және  баспана  көмегі   көрсетілді.

 Н. Нәбиев,  медицина қызметкерлері қол жеткізген жақсы көрсеткіштерге арқа сүйеп     туберкулездің алдын алу  және  емдеу  мәселелерін назардан  тыс   қалдырмаулары  керек екенін   атап  көрсетті.    Бұл мәселе  аймақтағы денсаулық сақтау саласының басымдықты   міндеттерінің бірі  болып қала бермек.