Екібастұзда үй өртеніп, екі адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарт - Екібастұз қаласында жеке тұрғын үй отқа оранып, екі адам көз жұмды.

 Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .  

«Сағат 8:40 минут шамасында Угольная көшесі, 3 мекенжайындағы жеке тұрғын үйде өртенген. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 1969 және 1971 жылы туған ер азаматтардың мәйітін анықтады. 11:03 шамасында өрт толығымен жойылды. Оның көлемі 40 шаршы метрді құрады. Бұл жұмысқа өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің жеке құрамынан 15 адам және үш техника жұмылдырылды», - дейді мамандар.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның орын алу себептері анықталуда.