Екібастұзда ер адам өз үйінде үсіктен қайтыс болғаны туралы WhatsApp желісіндегі хабарлама шындыққа жанаспайды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, үйлердің бірінде шынымен де зейнеткер көз жұмған. Бірақ оның өліміне пәтердің суық болуы себеп болмаған.
Ер адам көзі тірісінде гипертония ауруына шалдыққан.
Жедел жәрдем станциясының ақпаратына сәйкес, сағат 17:32-де Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адам есінен танып қалғаны туралы хабарлама түскен.
«Медицина қызметкерлері 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалған жоқ», - деді станцияның баспасөз қызметінен.
Сағат 17:50-де пәтерге полиция шақырылған. Ер адам көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмағанын атап өтті.
Полицейлер Екібастұз тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Фото: Константин Шелков