«Екібастұздағы жағдай менің назарымда. Күнде не болып жатқаны туралы ақпарат алып отырмыз. Қазіргі уақытта ауруханаларда қанша адам жатыр, перзентханаларда қанша әйел бар, қанша бала жатыр, температура қандай, ауа райы қандай - соның бәрін бақылап отырмыз. Жағдай қиындап, мұқтаждық туса - Павлодарда ауруханалар дайын, сол себепті Үкімет әлеуметтік жағынан бүкіл шаруаны реттеп, дайындап қойды», - деді вице-премьер.
11:06, 29 Қараша 2022
Екібастұзда жағдай қиындаса, Павлодардағы ауруханалар дайын – Серік Жұманғарин
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін журналистерге Екібастұздағы әлеуметтік нысандардың ахуалы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.