Екібастұзда жаңа музыкалық, жарық сәулелі субұрқақ іске қосылды

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласындағы «Өнер» мәдениет орталығының алдында жаңа су бұрқақ пайда болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шахтер күніне орай ашылған фонтанды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов барып көрді.

«NamysStroi-Group» ЖШС-мен 137,6 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Сыртқы бетон қоршауларының болмауы су бұрқақ аумағына ерекше сән береді. Бірегей дизайн мен шашырап тұратын судың түрлі түсті жарықтармен сүйемелденуі көздің жауын алады. Барлық инженерлік коммуникациялар жер астында орналасқан. Бұл орынның екібастұздықтардың тағы бір тамаша демалыс аймағына айналары сөзсіз», - дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Абай Кәрімов.