«112» нөміріне ер адамның есікті ашпай қойғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу учаскелік инспектор, төрт құтқарушы мен бір техника жетті», - дейді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде.
Арнайы құралмен есікті ашқан кезде өмірімен қош айтысуға бел буған ер адаммен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Алайда ол екінші қабаттан төмен қарай секіріп кеткен. Құтқарушылар 1986 жылғы тұрғынды төсеменің көмегімен қағып алған. Әрі қарай ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.14:59, 07 Қараша 2019
Екібастұзда жоғары қабаттан секірген ер адамды төсеменің көмегімен қағып алған
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Үйдің жоғары қабатынан секірген қаланың 33 жастағы тұрғыны облыстық психикалық-неврологиялық диспансердің есебіне қойылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.