Екібастұзда жөнделіп жатқан құбырдан ыстық су атқылап, көшені басып қалды

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұзда жөндеу жүріп жатқан құбырдан ыстық су атқылап, көшені басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан алынған кадр/instagram.com/ekibastuz_live

Екібастұз қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 6:30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм №2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау анықталған.

«Қазіргі таңда су тоқтатылды. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жұмысшылары ақауды жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр», - деді әкімдіктен.

Сондай-ақ, мердігердің бүгін сағат 14:00-ге дейін жағдайды реттеуді жоспарлап отырғаны хабарланды.