«Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп пен Пішембаев көшелерінің қиылысында кәріз құбырларын тазарту кезінде кран электр сымына тиіп кеткен. Электр қуаты разрядынан серіктестік жұмысшысы қаза тапты», - деп мәлім етті Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.