Талғат Уәлидің мәлімдеуінше, Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы ГРЭС-2-де техногендік сипаттағы апат болмаған.
«Азаматтар WhatsApp мессенджері арқылы, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісінде 2020 жылғы 13 желтоқсанда Қарағанды қаласындағы «KazakhmysEnergy« ЖШС-де болған бейнематериалдарды таратуда. Онда № 14 қазандықтың бу құбырының екінші бұрылысынан ақау шыққан болатын.
Осыған орай барша азаматтарға ҚР ТЖМ ресми деректеріне сүйенген абзал екендігін еске саламыз», - дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі.