«Матералдық зардап шеккен үйлердің саны – төртеу. Қыста үйді жылуға қосу өте қиын процесс. Қатып қалған батареяны жылытып, қайта қосу үлкен кәсібилікті талап етеді. Сондықтан, жан-жақтан кәсіби білігі жоғары мамандарды тартып жатырмыз», - деді қала әкімі.
Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз жылу-электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылғанша Екібастұзда болады.