«Павлодар облысы Екібастұз қалалық полициясына жергілікті тұрғаннан 14 жастағы қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері туралы шағым түскен», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінен.
Оқиға суға шомылатын орында болған. Онда жасөспірім қыз достарымен бірге ересектердің қарауынсыз жүрген. Күдікті – 28 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
«Аталған факті бойынша ҚК 121-бабы («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») 3-1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді ПД-дан.