Екібастұздық МАЭС-2 қысқы максимумды тұрақты атқарды

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Екібастұз МАЭС-2 (ГРЭС-2) стансасында жұмыстың күзгі-қысқы кезеңі табысты аяқталды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Қыстың қатал болғанына қарамастан, мұндағы екі энергоблок тұрақты, жаңылусыз жұмыс істеді. Электр қуатын өндіріп шығару биылғы жылдың бірінші маусымында 2 млрд. кВ/сағатты құрады, бұл жоспардан алты пайызға көп.

Барлық қызметтер мен құрылымдық бөлімшелердің тәртіпке салынған жұмысы энергоблоктардың тоқтаусыз жұмыс істеуі мен стансаның техникалық жағдайын жақсарту бойынша бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етті.

Сәуірдің аяғында энергетиктер екінші блоктың кеңейтілген жөндеуін, маусымда біріншінің күрделі жөндеуін бастайды.

Энергиялық жабдықтардың сапалы жөнделуі электр стансасының келесі жылы үздіксіз жұмыс істеуінің кепілі болады.