Екібастұздықтар көмір кенішін игерудің 55 жылдығын атап өтеді
10:15, 27 Қараша 2009
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз қаласы көмір кенішін өнеркәсіптік игерудің басталғанына 55 жыл толуын мерекелеуге әзірленуде. 1954 жылғы желтоқсанның 24-інде Оралға отынның алғашқы эшалоны жөнелтілді, сөйтіп, Екібастұз көмір алабын ауқымды игеру басталды.
Мерейтой құрметіне көмір өнеркәсібі ардагерлерімен кездесулер, суреттер және шығармалар байқауы өткізіледі, кітап көрмесі ашылады, «Біз - шахтерлер дәстүрін жалғастырушылармыз», деген тақырыпта жастар конференциясы және көркемөнерпаздар фестивалі өтеді. Қаланың саябақтарына 55 шырша мен терек отырғызылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.