Қаражат жинауға еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер белсене қатысты. Қала құраушы кәсіпорындар - «Богатырь-көмір» және «Восточный» разрездері, «Екібастұз ГРЭС-1», «КЕГОК» филиалы қомақты үлес қосты.
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері зардап шеккен Қызылағаш тұрғындарына бір күндік еңбекақыларын аударды.
Энергетиктер мен көміршілер қаласында қаржы жинау одан әрі жалғасуда.