Екібастұздың ауылдық аймағына арнайы даму бағдарламасы қажет

None
ВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұздың ауылдық аймағына арнайы даму бағдарламасы қажет - осында жұмыс сапарымен болған аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев қала әкімі Александр Вербнякқа осындай тапсырма берді, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

Ол үлкен ауылдар мен шағын елді мекендерде, мектептерде, медициналық пункттер мен магазиндерде болды, тұрғындармен және шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесті. Тіптің 4-12 оқушыға арналған шағын бастауыш мектептердің өзінде де жақсы оқуға мүмкіндік жасалған. Мыңтомар мектебінде 10 бала оқиды. Олардың игілігінде үш кабинет, интерактивтік тақта және Интернетпен жалғасқан компьютер бар. 12 қазанда Көксиыр ауылының 12 оқушысы жаңа мектептерде қоныс тойын мерекелейді.

Үлкен ауылдардың орта мектептерінде кішкентай ауылдардың балалары үшін интернаттар және мектеп жасына дейінгі балалар үшін шағын-орталықтар ашылған.

Байет ауылында әкім мал шаруашылығымен айналысатын «Нұргелді» шаруа қожалығы ашқан сауда үйі мен мейрамхананы көрді. Оны Моңғолиядан келген оралман Хамса Мұхитжан басқарады. Байетте тұрғындардың 80 пайызы - оралман, олар бизнеспен айналысады, туған Отанындағы өмір жағдайына риза.

Екібастұздың ауылдық өңіріне өмір сапасына шағым болмағанмен, проблемалар бар. Солардың бастыларының бірі - жолдың нашарлығы.

Сондықтан аймақ басшысының пікірінше, құрылыс пен жол жөндеуді, елді мекендердің көшелерін абаттандыруды, иесіз алған үйлерді тазартуды жоспарлы жүргізетін даму бағдарламасы қажет.