Сот Екібастұз қаласының бұрынғы басшысы Рамазан Жұматаевты өлтірген адамды мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қабылдамады. Мұқантаевтың кешірім туралы өтініші қатаң режімдегі түзету мекемесінде қаралған. Ол 2008 жылы 51 жастағы әкімді автоматпен көшеде атып кеткен адамдардың қатарында болған. Полицейлер оқиға орнынан сол кезде 7 гильза тапқан.
Қылмыскерлердің төртеуі кейін ұсталған болатын. Бірнеше жылға созылған сот процестерінен кейін елді дүрліктірген іс бойынша 2 адам сотталған. Бұл іс тапсырыспен жасалған адам өлімі ретінде қаралды. Жазасының үштен екісін өтеген Мұқантаев соттан өзін бостандыққа шығаруды сұраған. Зардап шеккен тарап бұған қарсылық білдірді.
«Жұматаевтар отбасының өмірі енді ешқашан орнына келмейді. Осындай жауыздық әрекеттің кесірінен олардың ең аяулы адамдары, үйдің отағасы, балалардың әкесі қаза болды. Сот 13 жыл берген екен, қылмыскер 13 жыл отыруы керек»,-деді адвокат.
13 жылының 9 жылын темір тордың арғы жағында өткізген киллер осы уақыттың ішінде бірнеше марапатқа ие болыпты. Оның уақытынан бұрын шартты түрде босатылуына түрме өкілдері мен мемлекеттік айыпталушы қолдау білдірді.