Екілік алған 12 жастағы мектеп оқушысы тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 25 желтоқсанда, таңертең Рязань қаласының 12 жастағы тұрғыны -мектеп оқушысы Касмиовский тас жолы бойынша орналасқан үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп кеткен.

Қыз бала бұл қадамға екілік алғаннан кейін барған деген болжам бар. Қаза тапқан оқушының үздік бағаға оқығаны анықталды, алайда бір күні екі алып қалады.

Ата-аналары баласының үлгерімін қатаң қадағалаған сыңайлы. Үй ішінде осыған қатысты жанжал орын алған.

Ата-аналарының сөзін көтере алмаған қыз осындай ауыр қадамға барған болуы ықтимал, деп хабарлайды informing.ru.