Екінші деңгейдегі банктер үшінші траншпен берілген қаржыны игере бастады

None
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – 2009 жылғы сәуірдің 30-ындағы жағдай бойынша тұрақтандыру мемлекеттік бағдарламасы ауқымында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жүзеге асырылып жатқан қаржыны әріптес-банктер 92 млрд. 536 млн. теңгеге немесе бөлінген қаржының 72,9 пайызын игерді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жасалған келісімдердің жалпы саны 1 936-ға жетті, оның ішінде 1 251 заемшының жалпы сомасы 52 млрд. 167 млн. теңгеге қолданыстағы несиесі қайта қаржыландырылды. 2009 жылғы сәуірдің 30-ына екі әріптес-банк бөлінген қаржыны толығымен игерді. «ТұранӘлемБанк» АҚ бөлінген қаржыны 113,7 пайызға, яғни 25 млрд. 22 млн. теңгені игерді. «Цесна Банк» АҚ ? 100 пайызға, яғни 3 млрд. 300 млн. теңгені игерді.Аймаққа бөлуде жағдай бұрынғы қалпынша қалып отыр. Жасасқан келісімдердің көлемі бойынша Алматы қаласының банктері міндеттерін 54 пайызға, ал астаналық банктер 49,5 пайызға орындаған.Несиемен ең төмен қамтылғандар Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып отыр. Бұл аймақтардағы үлес игерілімі әлі күнге дейін жалпы игеру сомасының 3 пайызынан да кем күйде қалуда. Салалық бөлуде сауда үлесі 44 пайызды құраса, өндіріс саласының үлесі 11,2 пайыз құрады.