«Биыл Жалпы ішкі өнімнің баяулауының негізгі факторларының бірі экономиканың нақты секторын екінші деңгейлі банктермен несиелендіру деңгейінің төмендеуі болып табылады. Ағымдағы жылғы 9 айының қорытындысы бойынша несиелендіру көлемі 7,1 пайызға төмендеді»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, экономика өсімін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі несиелендіру көлемін арттыруға байланысты.
«Біздің есептеулер бойынша несиелендіру көлемін 1 пайызға арттыру Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімін 0,12 пайыздық пунктке жоғарылатуға ықпал етеді. 2016 жылдағы жоспарланған өсім қарқынына қол жеткізу үшін нақты экономикадағы несиелер көлемі кем дегенде 15 пайызға немесе 1,7 трлн. теңгеге өсуі керек»,-деді Е. Досаев.