Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі артиллериялық зеңбірек ғаламторда сатуға шығарылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - eBay - интернет-аукционында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы - Sexton зеңбірегі сатуға шығарылды. Бастапқыда әскери қондырғы 5000 долларға бағаланған, алайда үш тәуліктен кейін бұл сома он есеге өсті, қазір ол үшін 50 300 доллар ұсынылып отыр.

Сатушының сөзіне қарағанда, Sexton-ның қозғалтқышы жұмыс істейді. Алайда жанар май сорғысы ауыстыру керек екен.  Қондырғыдағы көрсеткіш құралдары толық ауыстырылған. Май қысымының көрсететін өлшеуіш құралынан басқасы жақсы жұмыс істеп тұр. Шынжыр табаны, доңғалақтары және аспасының жағдайы жақсы. Guns.com журналистері ұңғысы снаряд атуға жарамайтын етілгенін айтуда.

Сауда жеңімпазы өздігінен жүретін артиллериялық зеңбіректі Калифорния штатынан алып кетуі тиіс.