Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгердің туыстары табылды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгер Иван Геталоның туыстары табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-ның Тасқала ауданыМерей ауылында тұратын М.Мәметова атындағы іздестіру жасағының жетекшісі СергейЛапшиннің айтуынша, 1944 жылы 21 қыркүйекте сержант И.Гетало «Ерлігі үшін»медалімен марапатталған.

3-Беларусь майданы 192-атқыштар дивизиясы298-артиллерия полкында байланысшы болған 1923 жылғы И.Гетало Гарманы деревнясымаңында қатты ұрыс кезінде батылдық көрсеткен. Алты рет үзілген телефон сымынжалғап, атыс нүктелері мен бақылау пункті арасындағы үздіксіз байланыстықамтамасыз еткен.

Осы ерлігі үшін ИванАфрикановичке «Ерлігі үшін» медалі табыс етілген. Майдангер Солтүстік Қазақстаноблысындағы еліне аман-есен оралып, осыдан жеті жыл бұрын дүниеден озды.

Әйтсе де медаль әзіргебелгісіз себептермен ұзақ уақыт бойы Мәскеу қаласының тұрғынында сақталыпкелген. 2018 жылы Киров облысы Свеча ауылындағы Никольск шіркеуінің настоятелі,«Взвод» іздестіру жасағының командирі Владимир Неганов қазақстандық әріптесіС.Лапшинге хабарласып, мәскеулік танысының медальді майдангердің туыстарынақайтару жөніндегі өтінішін жеткізген.

Владимир әкей Қорғанысминистрлігі арқылы медальдің И.Геталоға (1923 жылы дүниеге келген, СолтүстікҚазақстан облысы Октябрь ауданы Дмитриевка ауылынан, анасы Устинья ФедоровнаГетало) тиесілі екендігін анықтаған. Осыған орай В.Неганов С.Лапшинненмайдангердің туыстарын табуды сұраған.

С.Лапшин Дмитриевкаауылдық әкімдігіне хабарласқанымен, «Мұндай кісілер тұрмайды» деген жауапалған. Содан кейін Есіл ауданы Корнеевкаға (Петропавл қаласынан 120 шақырымжерде) хабарласқанда, іздеу өз нәтижесін берді. Майдангердің қызы Валентина Ивановна(қазір Усатенко) сонда тұрады екен.

«Жуырда Владимир әкейхалықаралық «Жайық-Урал 2019» туристік-экологиялық экспедициясына қатысу үшінОралға келіп, БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментте аталған медальдімаған тапсырды. Қазір медальді Валентина Ивановнаға табыс ету үшін сапарғадайындалудамын», деді ҚазАқпарат тілшісіне Сергей Лапшин.

С.Лапшин басшылықететін Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы іздестіру жасағы 2007жылы құрылғаннан бері «Взводпен» бірге Ресей жерінде қоян-қолтық жұмыс жасапкеледі. Мақсаттары ортақ – белгісіз болып жатқан жауынгерлер мүрделерінзерттеп, аты-жөндерін анықтау.

М.Мәметова атындағыжасақ соңғы жылдары БҚО-ның Жәнібек, Сайқын ауылдары маңында іздестіружұмыстарын жүргізуде. Бұған себеп – Сталинград майданына тиіп тұрған Жәнібек,Бөкей ордасы аудандары соғыс жағдайында деп жарияланғаны белгілі. Соғыс өртінешарпылған қос ауданда әлі де анықталмаған жайттар, қаза тапқан жауынгерлержерленген жерлер баршылық.

Соңғы жаңалықтар