«Қазақстан жерінен соғысқа 1,5 миллионннан астам жауынгер мен офицер майданға аттанса, соның 271 мыңы із-түзсіз жоғалғандар санатына жатады. Кез келген жауынгер үшін көмусіз қалу және із-түзсіз жоғалғандар тізіміне ену үлкен қасірет саналатын шығар. Сондықтан да біздің бірлестік осы есімдерді ұрпақтарының жадына оралту мақсатында құрылған еді», - деді ол онлайн баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, ол үшін арнаулы сайт құрылған және оған соғысқа аттанып із-түзсіз жоғалған жақындарын іздеген кез келген адам жүгіне алады.
«Биыл 3 мыңнан астам өтінім түскен еді. Оның ішінде 600 өтінімді орындап, ұрпақтарына 600 жауынгердің есімін қайтара алдық», - деді Мұрат Молдағалиев.