Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Ұлы Отан соғысындағы қазақ офицерлері» атты кітаптар топтамасы жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Басылымның алғашқы 10 томын Жеңістің 70 жылдығына дайындадым. Ол кезде 8437 қазақ офицерінің құжаттарын іздеп-табу мүмкін болды. Бірақ интернетке әркез жүктеліп отырған әскери құжаттарда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ офицерлері туралы жаңа деректер пайда болуда. Сондықтан жұмысты жалғастырып, басылымды 25 томға дейін кеңейтуді жөн көрдім. Бүгінгі күні 12056 қазақ офицері туралы баян етілді», - дейді журналист Жұмабай Доспанов.

Тілші барлық жұмыстарды бос уақытында және өз қаржысына жүргізеді. 

Соңғы жаңалықтар