Ғасыр жасаған қария ем қабылдап жатса да, саяси науқанан тыс қалған жоқ.
«Бұл менің азаматтық борышымды көрсетуге кедергі емес»,- дейді ол.
Соғыс ардагері Мәскеуден Берлинге дейінгі соғысты бастан өткерген. Ол Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы, Климент Ворошилов, Георгий Маленков, Джавахарлал Неру секілді аты аңызға айналған тұлғалардың көзін көрген.
КСРО Журналистер одағының мүшесі, өмір бойы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде наградалар бөлімін басқарған ол кезінде Леонид Брежневпен, Дінмұхамед Қонаевпен бірге қызмет еткен.