«Ұлттық банктің бағалауы бойынша, Қазақстан экономикасының биылғы екінші жартыжылдықта өсуі баяулайды. Бірақ ұзақ мерзімді әлеуетті деңгейлерге жақын болып қалады. Экономиканың одан әрі өсуі үшін негізгі тәуекелдер қазақстандық экспорт үшін әлемдік нарықтарға қол жетімділіктің төмендеуі және сауда әріптес-елдердегі экономиканың жаңа жағдайларға бейімделуі болып табылады», - деді Ұлттық банк төрағасы
Ғалымжан Пірматов Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша инфляция биылғы жылдың ортасында, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деректері бойынша – 2023 жылдың басында шарықтау шегіне жететіндігін айтты.
«Одан кейін инфляция әлемдік экономика өсуінің баяулауынан, сұраныстың төмендеуінен, тауар жеткізуге байланысты жағдайдың жақсаруынан төмендей бастайды», - деді Ұлттық банк басшысы.