«Экипаж» және «Экипаж плюстің» таксистері көлікті мас күйінде жүргізген ? Астана қаласы ІІД

АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылдың басынан бері Астанадағы «Экипаж» және «Экипаж плюстің» таксистері 136 рет жол-көлік ережесін бұзған.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатыда Астана қаласының Ішкі істер департаменті Жол полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қанат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, елорда аумағында такси қызметімен айналысуға құқығы бар аталған көлік жүргізушілері 5 жол-көлік апатына себеп болып, 6 рет автокөлікті мас күйінде жүргізген. «Бүгінде осы кәсіпорындардың кейбір тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр», деді Қ.Ахметов. Айта кетейік, бүгінгі таңда Астанада такси қызметімен айналысатын 5 заңды кәсіпорын бар. Олар ? «Вираж», «Сантана», «Тұлпар», «Экипаж» және «Экипаж плюс».