ЕҚЫҰ Минск тобы мен онымен байланысты құрылымдардың жұмысын аяқтады

Фото: Кharcenter.com

АСТАНА.KAZINFORM - ЕҚЫҰ Минск тобы мен онымен байланысты құрылымдардың жұмысын аяқтады. Бұл туралы ұйым мәлімдемесінде айтылған.

-ЕҚЫҰ Минск процесін және онымен байланысты құрылымдарды жабу жөніндегі жұмысын 2025 жылдың 30 қарашасында сағат 23:59-да Армения мен Әзербайжанның Финляндияның ЕҚЫҰ төрағалығына бірлескен үндеуінен кейін 2025 жылдың 1 қыркүйегінде қабылданған Министрлер кеңесінің шешіміне сәйкес аяқтады, - делінген баспасөз хабарламасында.

Ұйым жабу процесінің 1 қыркүйекте ЕҚЫҰ-ға қатысушы барлық 57 мемлекеттің консенсус шешімін орындауы екенін атап өтті. Бұл шешім 2025 жылдың 8 тамызында Вашингтонда Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен қол қойған «тарихи бірлескен декларациядан» кейін қабылданды.

ЕҚЫҰ Минск тобы 1992 жылы құрылды және Ресей, Франция және АҚШ-тың тең төрағалығымен Армения-Әзербайжан қақтығысын шешу жолдарын іздестіру үшін жұмыс істеді.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Әзербайжанмен бейбітшілік туралы келісімге қол қоюды және ЕҚЫҰ Минск тобын тарату туралы бірлескен мәлімдеме жасауды ұсынғаны хабарланған болатын.