Екінші деңгейдегі банктерден алынған несиелер есептен шығарыла ма – ресми жауап

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде «екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы» тарап жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы 2026 жылы 10 қаңтарда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Коллаж: Kazinform/ Canva

Агенттіктің Telegram арнасында бұған қатысты түсініктеме берілген. 

– Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ құзырлы мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда банктік қарыздар бойынша шекті мөлшерлеме белгіленгенін жазғанбыз.