Екінші толқыны басталды: Қызылша ауруы Қырғызстанда да асқынып тұр

Фото: Фото: Kazinform

Қырғызстанда 35-ші аптадан бастап қызылша ауруының екінші толқыны өтіп жатыр. Ауру жұқтырудың ең көп жағдайы Бішкекте, Жалал-Абад және Шу облыстарында тіркелген, деп хабарлайды Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінен.

Kazinform агенттігі бұл туралы Қырғызстанның Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық иммунопрофилактика орталығының ақпаратынша, 5 желтоқсандағы жағдай бойынша қызылша ауруы деп танылған 5162 жағдай тіркелді, оның ішінде 1627-і зертханада расталған.

Айта кетейік, биылғы жылдың 48-ші аптасында (27.11.-03.12.23ж.) Ош қаласы, Ош, Нарын және Ыстықкөл облыстарында қызылша ауруының нөлдік көрсеткіші тіркелді (қызылша ауруы тіркелмеген).

Жыл басынан бері бірінші толқында Бішкек, Ош қалалары және Ош облысында аурудың белсенді айналымы байқалды. 35-ші аптадан бастап Бішкек, Жалал-Абад және Шу облыстарында белсенді айналым байқалған екінші толқын басталды.

Бұл аймақтарда ауруға шалдығу көрсеткішінің жоғары болуы ондағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары жоспарлы екпелерді салдыртпауына байланысты болып отыр.

Төмен қамту профилактикалық екпелерден бас тарту санының өсуімен, Бішкек және Ош сияқты қалаларда сыртқы және ішкі көші-қонның ұлғаюымен байланысты мигранттардың балалары денсаулық сақтау ұйымдарына жіберілмейтінімен және тиісінше жоспарлы екпелерден тыс қалатынымен байланысты болды.