Екінші және үшінші рет дауыс беру кезінде де Рим папасы кім болатыны анықталмады

Фото: Фото: видеодн алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Бейсенбі күні Сикстина капелласының мұржасынан қара түтін шықты. Бұл дегеніңіз Папа конклавындағы кардиналдар Францисктің орнын басатын адамды екінші және үшінші дауыс беру кезінде де анықтай алмады дегенді білдіреді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Қара түтін сәрсенбі күні өткен бірінші дауыс беру кезінен кейін де шыққан болатын.

Енді дауыс беруші 133 кардинал Ватикандағы Санта-марта резиденциясына барады.

Бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:51-де дауыс беріліп, артынан қара түтін шықты. Ақ түтін шықса 1,4 млрд католиктің жаңа көшбасшысы анықталды деген сөз.

Осыған дейін Ватиканда дауыс берудің екінші күні басталғаны туралы жаздық.