Депутат Мемлекет басшысы көтерген отбасылық-демографиялық ахуалға тоқталды.
«Президенттің бүгінгі Жолдауы мазмұнды болды. Үлкен реформаларды қажет ететін көптеген бастамалар айтылды. Отбасылық мәселелер жөніндегі бұрынғы вице-министр ретінде жас отбасылар үшін қуандым. ЭКО бағдарламалары аясында квота саны көбейетін болды. Оның саны 7 мыңға дейін жетеді, яғни 7 есе көп. Бұл – балалы болуды армандайтын отбасыларға үлкен көмек», - деді депутат.
Сонымен қатар, ол Қ.Тоқаев барлық сала бойынша тиімді шешімдер ұсынғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы тиімді әрі құрылымдық шешімдер ұсынып отыр. Барлық міндеттер популизмнен нақты іс-әрекеттерге ауысады. Біз адамдардың өмірін жақсарту үшін алдымызға нақты міндеттер қоюдамыз. Қасым-Жомарт Тоқаев – халық үніне құлақ асатын білімді Президент. Президент бүгін қазақстандықтарды мазалайтын барлық негізгі проблемаларды атады. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары орындалады деген үлкен үміт бар», - деп қорытындылады Жұлдыз Омарбекова.