Экобелсенді Грета Тунбергке тағы айыппұл салынды

Полицияға бағынбай, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін швед белсендісі айыппұл төлеуге міндеттелді. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабалайды.

Фото: instagram.com/gretathunberg

Швецияның Мальмё қаласының соты танымал экобелсенді Грета Тунбергке 5500 крон (шамамен 240 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салды. Осылайша, Тунберг қоғамдық тәртіпті бұзып, биыл шілдеде болған акция кезінде полицияға бағынбағаны үшін жазаланды.

Сол кезде наразы топ қазба отынды пайдалануға қарсылық ретінде Мальмё портына кірер жолды жауып тастаған болатын.

Маусым айында осыған ұқсас наразылығы үшін оған алғаш рет айыппұл салынған еді. Жиырма жастағы белсенді өзін кінәлі деп есептемейді.