Мұхиттанушы ғалымдардың айтуынша, мұхиттардың экологиялық ахуалы ғасыр соңына қарай тіпті молайып, келтірілген залал құны 2 триллион долларға жетпек, деп жазады «Science» журналы.
Түрлі статистикалық деректерді талдай келе мамандар әлемнің 192 елінде жыл сайын 275 млн тонна пластикалық қоқыс төгілетінін есептеген, оның 3 пайызы теңіздер мен мұхиттарға тасталады. Зерттеушілердің пікірінше, теңіздерге тасталған пластиктер осы жылы 9 млн тоннаға дейін артуы мүмкін.
Теңіздерде экологиялық апаттың алдын алу үшін сарапшылар халықаралық ұйымдарды қаржылай қолдау тауып, қоқыстарды қайта өңдеу индустриясын дамытуға шақырды.