Сондай-ақ, Svopi порталының жазуынша, пластик қалдықтарының су бетінде қалқып жүруі жаһандық мәселеге айналып отыр. Ғалымдардың айтуынша, әлемдегі теңіздердің бетінде шамамен 250 мың тоннаға жуық қалдық қалқып жүр.
Бұған дейін мамандар пластик қалдықтарды аң-құстар мен түрлі микро ағзалар тұтынып, жоқ болып кетеді деген болжам жасаған. Енді керісінше, олардың теңіз түбіне тұнып, тереңдегі экожүйені бұзуы мүмкін екендігі анықталды.