«Әлеуметтік мәселені шешу аясында былтыр 1 шілдеден бастап мемлекеттік орман күзеті қызметкерлеріне лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде қосымша ақы төлеу белгіленді. Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы 129 мыңнан 250 мың теңгеге дейін ұлғайды», - деді Е. Нысанбаев.
Оның атуынша, қалған қызметкерлерге (экономистер, бухгалтерлер және орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлері: тракторшылар, жүргізушілер, орман өрт сөндірушілері, радист-телефоншылар) Министрлік пен кәсіподақ арасындағы Келісім шеңберінде өткен жылы 75% қосымша ақы қарастырылды.
«Сонымен қатар, орман өрт сөндіру станцияларының барлық қызметкерлеріне 100% қосымша ақы төлеу мақсатында Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Жоба уәкілетті органдармен алдын ала келісілді», - деді министр.