Экология министрі: Қарқаралыда 500 гектар орман өртеніп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында болып жатқан өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экологиялықтуризмді дамытуға арналған меморандумға қол қою шарасы барысында ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев БАҚ өкілдеріне Қарқаралыдағыорман өрті туралы ақпарат берді.

«Өрт әлісөндірілген жоқ. Жаңа ғана облыс әкімімен сөйлестім. Біздің осы жақтан ұшып шыққан мамандармен бірге өрт болған аумақты әуеден бақылау жүргізіпжатыр. Шамамен 500 гектар орман өртеніпжатыр. Бұл өте үлкен шығын. Біздің министрлік тарапынан да өртті ауыздықтаубойынша шара қолданылып жатыр. Қазір ол жерде 280-нен астам адам жалынменарпалысуда»,- деді министр БАҚ өкілдеріне.

Соңғы жаңалықтар