«Экология саласындағы мамандар мен белсенділер бұл зауыттарда қоқыс жағу атмосфераға ластаушы заттардың таралуын арттырады деген пікір айтып отыр. Сондықтан қазір қалдықтарды жағатын алты зауыт салу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ», - деді С. Брекешев Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр 6 қалада қоқыс жағатын зауыт салу жоспарланып отырғаны айтылған еді (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Ақтөбе).
Сонымен қатар, Өскемен қаласында қоқыс жағатын зауыт салынбайтын болды.