Экология министрі: Қызметтік көлігімді «электрокарға» ауыстыруға дайынмын
«Сіз Экология министрлігін қыркүйек айынан бері басқарып келесіз. Іс жүзінде үш ай уақыт өтті. Бірақ қазақстандықтар жеке өзіңіз ұсынған«жасыл» бастамаларыңызды әлі көрген жоқ. Мысалы, қызмет барысында газбен жүретін автокөлік пайдалануды жоспарлап отырсыз ба? Неге министр әріптестеріңізге үлгі көрсетпеске?», -деп сұрады жиында БАҚ өкілі.
Ведомство басшысы бұл мәселе ҚР Президенті іс басқармасының гаражындағы көліктердің түріне байланысты екенін түсіндірді.
«Біздің министрліктің меншігінде автокөлік жоқ. Біз пайдаланып жүрген көлік ҚР Президентінің іс басқармасы гаражынан жалға алынады. Сондықтан, егер оларда сіз айтқан талаптарға сай газбен жүретін көліктер болса, газбен жүретін көлікке немесе «электрокарға» көшуге дайынбыз. Әзірге біздің министрліктің меншігінде қызметтік көліктер жоқ», - деді Серікқали Брекешев.