«Жаңа су кодексін әзірлеу мақсатында Министрлік тарапынан реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты дайындалды. Ол бойынша қоғамдық талқылау басталды. Сарапшылардың қатысуымен тиісті жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, жаңа Су кодексінің тұжырымдамасын әзірлеуге кірістік», - деді С. Брекешев Үкімет отырысында.
Жаңа су кодексінің негізгі бағыттары мынадай:
Бірінші. Елдің су-ресурстық әлеуетін сақтау.
Екінші. Су пайдаланушыларды су үнемдеу технологияларын пайдалануға ынталандыратын тетіктерді айқындау.
Үшінші. Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуды қолдау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдануды ынталандыратын тариф белгілеу моделін құру.
Төртінші. Қазақстанның су ресурстары әлеуетін есепке алу және болжау, мониторингілеуді цифрландыру, сондай-ақ, су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру.
Бесінші. Ұлттық заңнаманы халықаралық құқық қағидаттарымен үйлестіру.
«Жаңа су кодексінің жобасын Парламент Мәжілісіне келесі жылдың желтоқсан айында енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді министр.