Экология министрі жаңадан құрылатын сарапшылар кеңесiнің құрамына белсенділерді шақырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңадан құрылатын сарапшылар кеңесiнің жұмысына қатысу үшін белсенділерді шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Экология, геология,су ресурсы, орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі біздің министрліктiң жұмысы. Бізаталған бағыттар бойынша сарапшылар кеңесiн құратын болдық. Сондықтан үкiметтiкемес ұйымдарды, сарапшыларды, қоғам белсенділерін кеңес жұмысына қатысуға шақырамыз»,деп жазды Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.

Оның айтуынша, министрліксарапшылармен бірлесіп мәселелерді бірлесіп шешпек.

«Сарапшыларкеңесiнiң жұмысы толғағы жеткен мәселелерді қоғаммен бірге талқылап, нақты шешужолдарын ұсынатын нағыз алаңға айналмақ. Осыған орай, барлығыңызды белсендiқатысуға шақырамыз», делінген хабарламада.

Министр ұсынысқақызығушылық танытқандар үшін хабарласатын +7 7017932418 телефон нөмірінкөрсетті.

Соңғы жаңалықтар