Экология министрлігі Қытайға 1,5 мың киік беру туралы пікір білдірді
АСТАНА. KAZINFORM — Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстанның Қытайға 1,5 мың киік беруі жөнінде мәлімдеме жасады.
Бүгін «Орталық Азия-Қытай» екінші саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына 1,5 мың киік беру туралы шешім қабылдады.
— Қытай тарапымен жануарларды беру механизмі пысықталады. Бұрын Қытайдың батыс бөлігі киіктердің мекен ету ортасына кірген. Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысында адамдардың қарқынды қоныстануына байланысты киіктердің мекен ету ортасы мен саны айтарлықтай азайды. Биыл көктемдегі есеп бойынша Қазақстандағы киік саны 3,9 миллионға жетті. Осылайша 1974 жылғы тарихи максимумынан (1,2 млн) асып түсті, — деп жазылған мәлімдемеде.
Айта кетейік, киік санын реттеу іс-шаралары күзде басталуы мүмкін екені туралы жазған едік.
Киік санын реттеуге, аулауға қатысты ғалымдардың биологиялық негіздемесі әлі дайын емес. Дәл осы құжатқа, сәйкес, киіктің белгілі бір санын аулау мәселесі көтеріледі.
Сондай-ақ, аңшыларға тек аналық киікті атуға рұқсат бекітілуі мүмкін.