Экология министрлігі қоқыс полигондарын утиль алым есебінен салмақ

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір кейбір өңір әкімдіктері 52 қоқыс полигон салу жұмысын жүргізбей отыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.

— Жоспарға сай 100 жаңа қоқыс полигонын салу көзделсе, қазір 52 полигон бойынша әкімдіктер жұмыс жүргізбей отыр. Оның ішінде Абай облысында 22 полигон бойынша, Ақмола облысында 4 полигон және Солтүстік Қазақстан облысында 8 полигонның құжаттама мерзімі өткен, ал түзету мүлдем жоспарда жоқ, — деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ министр жаңа қоқыс полигондары құрылысын қаржыландыру қаражат тапшылығына байланысты жүргізілмейтінін мәлім етті. 

— Осыған байланысты біздің министрлік утильтөлем есебінен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтады. Бұл 11 өңірде құны 53 миллиард теңгені құрайтын 43 полигон салуға мүмкіндік береді, — деп түсіндірді Экология министрі.

Еске салайық, былтыр белгілі болғандай Қазақстанда утиль алымы жойылмайтын болды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздегі қоқыс полигондарының 20,6 пайызының ғана рұқсат құжаты бар