— Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, — делінген министрлік хабарламасында.
Жарияланған суретте жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер байқалады.
— Табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары оның орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстайды. Сондықтан жануардың «кездейсоқ түсірілгені» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, — делінген хабарламада.
Министрлік азаматтар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.
Айта кетелік елімізде 70 жылдан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілген еді.