Экология министрлігі өз жұмысының басты бағыттарын айқындады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алғашқы алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс жұмысына министр Мағзұм Мырзағалиев пен ведомствоның жауаптыбасшылары қатысты. Жиында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініңтөрағасы Қайыр Рыскелдинов, сондай-ақ аумақтық департаменттердің басшыларықатысып, 2019 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметінің есебін баяндады.

Мәселен, 2019 жылы табиғатты пайдаланушылар тарапынан табиғатты қорғаушараларын іске асыруға 171 млрд теңге бөлу жоспарланса, осы жылдың 6 айында олсоманың 60 млрд теңгесі иегерілген. Атап айтқанда, мысалы «KazakhmysSmelting»ЖШС-да (КазахмысСмэлтинг) жылына 41,5 мың тонна шығарылымды азайту көзделетіншаң-газ тазалау жабдығын құрастыру және эмиссияларды автоматтық мониторингілеужүйесі орнатылған.

«Геология саласында жер қойнауын пайдаланушылардың инвестицияларыесебінен орындалған геологиялық барлау жұмыстарының қортындысы бойыншақорлардың өсіміне қол жеткізілді. Мемлекеттің балансына алғаш рет 4 қаттыпайдалы қазбалар кенорны, 2 көмірсутек кенорны және 2 жерасты сулары берілді.Инвестиция тарту мақсатында «Минералдық ресурстардың ұлттық деректер қоры»ақпараттық жүйесі жасалуда», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ал орман шаруашылығы саласында орман иеленушілер 26,7 мың га алаңдаағаш отырғызған. Жалпы 2030 жылға қарай көрсеткіш 87 мың гектарға жеткізіледі.Корея Республикасы Орман шаруашылығы қызметімен бірге осы көктемде Аралтеңізінің кепкен арнасында 5,0 мың га аумақта сексеуіл отырғызылған.

«Ағаштарды заңсыз кесу өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 10 пайызға(158-ден 143-ке) азайған. 2019 жылы әуеден жүргізілген есеп нәтижесі бойынша,Қазақстандағы ақбөкендердің жалпы саны 334 мың. Өсім 56,0 пайыз. Бұлақбөкендерді қорғау бойынша қабылданған шаралардың аса тиімділігін көрсетеді.Сирек және жоғалып бара жатқан аша тұяқты жануарлар санының қайта көбеюібайқалады», - делінген хабарламада.

Су ресурстарын басқару саласында ағымдағы жылы 11 апаттық су қоймаларынқалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сол секілді суармалы жерлерді дамытумақсатында 610 мың га аумақтағы гидромелиоративтік жүйені орнықтыру көзделіпотыр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев алқамәжілісін қортындылай келіп, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың ұлықтау кезіндежариялаған Қазақстанды дамытудың 10 жаңа міндеттерін түсіндірді.

«Оларды түсіндіру шеңберінде министр әзірленген жаңа Экологиялық кодексжобасын жан-жақты талқылаудың қажеттігін атап көрсетті. Оны ағымдағы жылдыңаяғында Парламентке енгізу жоспарлануда. Су ресурстарын және су қауіпсіздігінтиімді басқару мәселесіне айрықша назар аударылды. Министрлік суды пайдалануқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту, халықтыауыз сумен қамту, су есептеудің цифрлық технологиясын енгізуді көздейтінеліміздің ұзақмерзімдік Су қауіпсіздігі стратегиясының тұжырымдамасын әзірлеугекірісті. Браконьерлермен және ағаш кесушілермен күрес мәселесіне айрықша назараударылды. Жуырда браконьерлік пен ағаш кесу бойынша қылмыстық жауапкершіліктікүшейту шаралары енгізіледі. Геология саласына да ерекше көңіл аударылып отыр.Бір ай ішінде инвесторларды геологиялық барлауға ынталандыру шаралары жасалады.Ал геологиялық барлау бағдарламасын әзірлеуге геология саласындағы ғалымдартартылады», - делінген хабарамада.

Соңғы жаңалықтар