Бұл жайында ведомство басшысы Серікқали Брекешев Үкімет отырысында айтты.
Айтуынша, вегетациялық кезеңге дайындық барысында ел аумағында үш кешенді шара қолға алынған.
Олар:
- Трансшекаралық өзендер бассейніндегі 259 гидротехникалық құрылысты қалпына келтіру;
- 535 шақырым магистральды және шаруашылықаралық каналдарды механикалық тазарту;
- 67 су сорғы қондырғысын сатып алу және орнату.
«Жоғарыда аталған жұмыстар маусым айының соңына дейін толығымен аяқталады», - деді министр.
Серікқали Брешекевтің айтуынша, биыл Шардараға 5 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік бар.