Қоршаған ортаны қорғау министрлігіндегі шенеуніктердің әрекеті кәсіпкерлердің заңды құқығын бұзып отыр. Бүгін «Нұр Отан» ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестің кезекті отырысында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрғасының орынбасары Андрей Лукин осылай айтты.
«Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын және орта бизнеске заңсыз тексерулерді тоқтату бойынша берген тапсырмасына мүлдем қайшы», - дейді А.Лукин.
Осы орайда ол, жаңа министр Н.Қаппаровқа жемқорлық әрекеттерге қатысы бар басшыларға, оған жауапты вице-министрлерге тиісті шаралар қолдануды ұсынды.
«Ал бақылау жұмысына келер болсақ, біздіңше, табиғатты пайдалану саласындағы шағын және орта бизнес өкілдерін тексеруді тоқтату қажет. Себебі қоршаған ортаға олардан бұрын ірі кәсіпорындар анағұрлым зиян келтіріп отыр», - деп атап көрсетті А.Лукин.