ЭКОЛОГИЯ: Ресей мен Иран азайып бара жатқан амур жолбарысы мен азиялық ілбісті бірге қорғамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Иранға амур жолбарысын беріп, орнына азиялық ілбіс айырбастап алды. Осылайша, екі мемлекет, жоғалуға аз қалған аңдарды өзара бірлесе отырып сақтап, олардың көбеюіне мүмкіндік жасамақ, деп жазады РИА Новости.

Мұндай уағдаластыққа РФ Табиғатты қорғау министрі Сергей Донскойдың Иранға апта соңында жасаған сапары барысында Иран вице-президенті, қоршаған ортаны қорғау ұйымының басшысы Масуме Эбтекармен кездесуде қол жетті, деп хабарлады аталған министрліктің баспасөз қызметінен. Ресейде тіршілік ететін амур жолбарысы каспий өңірінде ХХ ғасырдың ортасында жойылып кеткен туран жолбарысына генетикалық жағынан жақын. Иран вице-президенті Мохаммад Джавад Мохаммадизаде 2010 жылы Пеетербургта өткен экологиялық саммитте туран жолбарысын өсіруді қолға алуға Каспий маңы елдерінен көмек сұраған. Ол кезде Ресей үкіметінің басшысы болған В.Путин Қазақстан мен Иранға тұран жолбарысын беріп, өзге азайып бара жатқан аңдармен алмастыруға дайын екенін хабарлаған.