Ғанижан Асанұлы 1986 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қаржы полициясы академиясын, Ұлыбританиядағы King’s College London университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2008-2009 жылдары қаржы полициясы органдарында бастаған.
2012-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс істеген.
2014-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаментінде бас консультант, кейін Мемлекеттік қызмет өткеру басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2017-2018 жылдары аталған агенттіктің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі кеңес басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі болған.
2018-2019 жылдары агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінде осы қызметті атқарған.
2019-2020 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
2020-2021 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі директорының орынбасары, Парасаттылық департаментінің директоры болған.
2021-2022 жылдары агенттіктің Превенция қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2022-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі болған.
2023 жылдан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Айта кетейік, бұған дейін Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған еді.