Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құзыреті кеңейді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, министрлікке келесі жаңа мүмкіндіктер берілді:
- кәсіби біліктілік бойынша салалық кеңестер құрылады;
- кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
- салалық біліктілік шеңберін әзірлейді және өзектендіреді;
- кәсіби стандарттарды әзірлейді және өзектендіреді;
- кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктіліктерді тану саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;
- кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
- кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша кәсіптік біліктілікті тануға еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастырады;
- кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.
Қаулы 2025 жылғы 20 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Кеше Президент Жарлығымен Қорғаныс министрлігінің өкілеттігі өзгергені туралы хабарлаған едік.